Олжас Бектенов туристер үшін келген сәттен бастап, бүкіл сапар маршруты бойынша және елден кеткенге дейін қолайлы жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қонақ үйлер мен туристер жиі баратын басқа да орындарда қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы қажеттігін атап өтті.
Премьер-министр туристік өнімдерді нақты туристік топтардың, әсіресе, шекаралас өңірлердегітуристерге бейімдеген жөн екенін баса айтты.
Мұның шағын және орта бизнестің қызметіне ғана емес, сондай-ақ бағдарламалық-цифрлық өнімдерге де қатысы бар. Туристік локацияларда сапалы ұялы байланыс пен интернет болуға тиіс.
Қонақ үйлер мен туристер жиі баратын басқа да орындарда қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне, сондай-ақ баға саясатының қолайлы болуына назар аудару керек.
Туристер үшін келген сәттен бастап, бүкіл сапар маршруты бойынша және елден кеткенге дейін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажет", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Аталған жұмысты Туризм, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері мен әкімдіктерге бірлесіп жүргізу тапсырылды.
Бұл әсіресе, қауіп деңгейі жоғары аймақтарға қатысты. Таудағы демалысқа арналған құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарды түгендеп, туристердің қауіпсіздік техникасы туралы білім деңгейін арттыруды, сондай-ақ туристер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз инфрақұрылым құруды бақылауға алу қажет", — деп атап өтті Олжас Бектенов.