Eindhoven Box Cup турниріндегі финалдық жекпе-жекте қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаев арасындағы нәтижеге қатысты Өзбекстан бокс федерациясы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда жеңіс Қазақстан өкіліне берілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ablaikhanteam

"70 келі салмақ дәрежесіндегі Асадходжа Муйдинходжаев пен қазақстандық Абылайхан Жүсіпов арасындағы финалдық жекпе-жек бірінші раундтан кейін қазақстандық боксшы жарақат алғандықтан жалғаспады. Тең деңгейде өткен бірінші раундтан кейін түсініксіз төрешілік шешімдердің салдарынан жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде 2:3 есебімен Абылайхан Жүсіповтің жеңісі тіркеліп, жеңіс Қазақстан боксшысына берілді", – делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Асхат Тағыберген футболдағы мансабын аяқтағаны хабарланған болатын.