Техникалық жабдықтың жоғары тозуы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осыған байланысты министрлік заңнамалық өзгерістерге бастамашы болғанын хабарлады , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біздің ведомство арқылы міндетті келісуден өтетін Жаңарту және техникалық қайта жабдықтаудың жиынтық жоспарын қауіпті өндірістік объекті иелерінің жасауы міндетін заңнамалық деңгейде бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл шара техникалық қайта жабдықтау процесін ішінара бақылау және авариялардың туындау қаупін азайту мүмкіндігін береді. Азаматтық қорғау саласындағы тиісті заң жобасы Парламент Сенатының қарауында, — делінген мәліметте.
Сонымен қатар авариялардың талдауы өндірістік бақылаудың жетіспейтінін көрсетіп отыр. Қазір бұл бақылауды қауіпті өндірістік нысан иелерінің шешімі бойынша әртүрлі құрылымдардың жұмыскерлері жүзеге асырады. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын жекелеген талаптар оларды меншік құқығындағы құтқару жабдықтарымен және техникамен жабдықтау бөлігінде қатаңдатылады.
Заң жобасының аясында өнеркәсіптік нысандардағы өндірістік бақылаудың дербес жеке қызметі құрылады. Ол жұмыс істеу үшін министрлік тиісті нормалар әзірлейді. Бұл өндірістегі өзіндік бақылауды күшейтіп, нысан иелерінің жауапкершілігін арттырады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы аумақтық бөлімшеміздің базасында көмір шахталарындағы жұмысшылардың орналасқан жерін анықтау және іздеу, сондай-ақ газдану деңгейіне мониторинг жүргізу жүйелері енгізілуде. Бұл төтенше жағдайларға жедел ден қою мен адам өлімінің алдын алуға мүмкіндік береді, — деп қосты министр.