Үкімет қаулысымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрлан Жанұзақұлы 1975 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.

Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы, шебері болып бастаған.

2002-2008 жылдары Ташкент және Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызмет атқарған.

2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.

2015 жылы ОҚО ТКШ және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2015-2016 жылдары — "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы болған.

2016-2018 жылдары – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

2020-2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметін атқарған.