Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын бизнеске айналдырмақ

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойын онлайн көруге тіркелу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркелу басталды, — делінген Instagram-дағы жазбада.

Алайда оқырман қауым трансляцияға тіркелу ақылы екенін аңғарған. Ал оның құны адам басына 1380 теңгеден екен.

Оқи отырыңыз:

  • Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көрсетпек
  • Сәкен Майғазиевтің анасы президенттен марапат алды

Желідегілер әншінің бұл әрекетін сынап жатыр.

«Масқара, Сәкен Майғазиев бұлай жасайды деп ойламаппын», «сендер арқылы ақша таппақшы, шығынды жабу керек», «сорлылар-ау», «сөз жоқ», «ойбай, тоймай жатыр ғой, жеке бас қуаныштарын да жарнамалап сату керек», — деген пікірлер жазды көпшілік.