Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен UFC-нің бұрынғы чемпионы әйгілі Хабиб Нурмагомедов қасиетті Меккеде кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Атақты спортшылардың үлкен қажылықта кездескен сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады.
"Екі чемпион. 2025 жыл. Үлкен қажылық", — дейді олардың сөйлесіп тұрған сәтін видеоға түсіріп алған желі қолданушысы.
Әңгіме барысында Елдос Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен таныс екенін, ол кісінің Алматыға оқу-жаттығу жиындарына келгенін айтады, өз кезегінде Хабиб Елдоспен танысқанына қуанышты екенін жеткізіп, сәттілік тілеген.