Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласындағы Осипенко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен ер адамдар арасында жанжал шықты деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық қатысушылар анықталып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", — деді департаментте.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, көпшілікпен жасалған бұзақылық фактісі бойынша, көпір маңында орын алған оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Ұсталғандардың біріне қатысты билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс басталды. Қазіргі уақытта бұл адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі сотта қаралып жатыр", – деді департаментте.

Ұсталғандардың бірінің оған дене жарақаты келтірілгені туралы мәлімдемесіне қатысты – бейнежазбаларды зерделеу нәтижесінде, жарияланымда көрсетілген полиция қызметкерлері тарапынан дене жарақаты келтірілгені расталмаған. Дегенмен, сол мәлімдемені жан-жақты және объективті қарастыру мақсатында тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық бейнесін қалпына келтіру және құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.