Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", — деп хабарлады Ақорда..

Руслан Жақсылықов 1966 жылдың 4 наурызында Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Ол Қазақстанның қорғаныс министрі қызметін 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап атқарды.