Астанада Абылай хан даңғылы І.Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы/Манас көшесі қиылысы жабылатын болады.
Осыған байланысты, 7-8 маусым күндері көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.