Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Осы додада қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудан күміс жүлде еншіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сайыс барысында төрешілер тарапынан оған 14.400 ұпай берілді. Бұл Миладтың 2-орын алуына мүмкіндік туғызды.

Айта кетейік, Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола жүлдегер болса, Азия чемпионатында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанды.

1-орынға 14.600 ұпаймен Карлос Юло (Филиппин) жайғасса, үздік үштікті 14.033 баллмен Мун Гын Ён (Оңтүстік Корея) түйіндеді.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Дмитрий Патанин (13.833 балл) жүлдеге қол созым қалып, медаль бұйырмады.