Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында тұрғындар арасында «BAIQONYR RUN» жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс 8 маусым күні «Алатау» спорт кешенінде (Ж.Тәшенев көшесі жағынан) өтеді. Жалпы қашықтық – 4 шақырым.

Әкімдіктегілер қатысушыларды тіркеу тегін жүргізілетінін және ол таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жалғасатынын атап өтті. Қатысушыларға естелік медальдар табысталады. Іс-шара спорттық жарыс болып есептелмейді.

Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.