Ең үздік 100 кітапты бірге анықтайық! Ол үшін 100kitap.kz сайтына немесе Egov.kz порталына кіріп, өзіңізге ұнайтын туындыларды таңдай аласыз.

Арасында отандық қаламгерлердің және шетелдік жазушылардың шығармалары бар. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз «Абай күнінде» жарияланады.

Айта кеткен жөн, оқырмандардың таңдауына ие болған шетелдік шығармалар қазақ тіліне аударылатын болады.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ұлттық кітап күні біздің Қазақстанда бүкіл осы мемлекеттік ресурстарды пайдалана отырып, Қазақстандағы ең сүйікті, ең танымал үздік 100 кітапты анықтау деген ұсыныс білдірдік. Бұл ұлттық құрылтайда айтылды, Президент те қолдады. Сөзсіз, бұл біздің баспагерлерге, кітап индустриясы үшін қажетті тізім деп есептеймін. «Мына кітапты қайтсе де оқиды, біздің азаматтарға қажет екен», - деп өзінің жұмысын жоспарлайды. Мінекей, қазір кітап дүкенінде тұрмыз. Қашан келсең де, «Абай жолы» сатылымда жоқ. Себебі әрбір қазақ үйінде «Абай жолының» тұрғанын қалайды.