Атырау облысы Құлсары қаласында 2018 жылы туған жасөспірімнің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 маусым күні сағат 12:00 шамасында бала үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері оралмаған. Оның жоғалғаны туралы ақпарат полицияға сол күні сағат 21:28-де түскен.
"Жасөспірімнің қай бағытта кеткені белгісіз болғандықтан, қаладағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де тартылды", — деп хабарлады полиция.
6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 2:19-да Құрсай өзегінен баланың өлі денесі табылды.
Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.