Германия билігі заңсыз мигранттарды Отанына кері қайтару процесін жеделдетеді, деп хабарлайды 24kz.

Министрлер кабинеті көші-қонға қатысты екі заң жобасын мақұладаған. Соған сәйкес жергілікті билік басқа органдармен ақылдаспай-ақ қай елдің қауіпсіз екенін өзі шешеді. Бұл баспана сұрау туралы сауалы кері қайтарылса, мигрантты жылдам депортациялауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, енді Отанына кері қайтару туралы шешім шыққан мигрант қамауға алынса, оған адвокат берілмейді. Жақында неміс елінің Ішкі істер министрі ауысып, бірден көші-қон заңнамасын қатаңдатқан еді.