Ұлытауда «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысқа кірісті, деп хабарлайды 24kz.

Биыл маусымдық еңбек науқанын ұйымдастыруға жергілікті қазынадан 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Жасақ сарбаздары алдағы үш ай бойы елді мекендерді абаттандыруға атсалысады. Еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімінде жастарға төтенше жағдайларда әрекет ету жолдары түсіндірілді. Жалпы облыс бойынша жасақ құрамына 700 жас тартылды. Іріктеу кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелеріне басымдық берілді.

Бақытжан Жайлаубаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы:

- Көгалдандыру жұмыстарына бірінші кезекте мынау «Таза Қазақстан» акциясына қатысатын болады. Жалақы мөлшерлері 90 мың теңгенің мөлшерінде болады. Биылғы жылы былтырғы жылдармен салыстырғанджа өтініш білдіргендер көп болды. Біздің түсінгеніміз бойынша келер жылы бұның санын әлде де арттыратын боламыз.