Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды

Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды

Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары , сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ баспасөз қызметінен.

Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру — 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.