Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 200 млн теңге сомасында бір көзден мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізгенін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сатып алу жалғыз мердігерден жүзеге асырылған, бұл өзге әлеуетті жеткізушілердің қатысу мүмкіндігін шектеді.

Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде заңсыз жасалған шарт бұзылып, қызметтерді сатып алу рәсімі бәсекелестік ортаға қайтарылды. Заң талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыздар:

  • Астанада шенеунік сотталды
  • Алматыда қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесі анықталды

Бұдан бөлек, осыған ұқсас мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен 6 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды.