Бүгінде бағдарлама бүкіл әлем бойынша 220 әуе компаниясының мәліметтерін пайдаланады.

IATA қауымдастығының 81-жиналысында IATA ұшу қауіпсіздігі және пайдалану жөніндегі вице-президенті Ник Кэрин жаңа технологияларды қолдану, операциялық тиімділікті арттыру авиаотын шығынын төмендетіп, өз кезегінде 2050 жылға қарай зиянды шығарындылар көлемін 10 пайызға қысқартуға болатынын мәлімдеді.

"Шығындарды басқару әуе компаниялары үшін өте маңызды. Оның ішінде авиаотын шығындары әдетте базалық құнның 25-30 пайызын құрайды. Қазіргі таңда атмосфераға көміртек шығарындыларын азайту бойынша жаһандық бастама аясында отын тұтынумен байланысты шығындарды азайту басымдыққа айналып келеді. Бұл ретте FuelIS әуе компанияларының тиімділігін анықтауға, шығындарын азайтып, экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір өз отын шығындары туралы ақпаратты жедел бөлісіп отырған 220 әуе компаниясының қолдауымен FuelIS өте тиімді құралға айналды", – деді Ник Кэрин.

2005 жылдан бері IATA бүкіл әлемдегі әуе компанияларымен ынтымақтастық орнатып, жыл сайын 4,76 миллион тонна көлеміндегі отынды үнемдеуге қол жеткізді. Бұл валютаға шаққанда жыл сайын шамамен 3,8 миллиард долларға тең.


Оқи отырыңыз:

  • 2026 жылы IATA жиналысы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді
  • Әлемде бір әуе жолаушысынан бір сапарда 7 доллар ғана пайда түседі – IATA