Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, байрақты бәсекеде еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды:

Ересектер:

Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар).

Ілияс Әзізов (жекелей көпсайыс).

Дмитрий Патанин (жекелей көпсайыс).

Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар).

Әлішер Тойбазаров (жекелей көпсайыс).

Роман Маменов (жекелей көпсайыс).

Жасөспірімдер:

Нұртан Ыдырысов (жекелей көпсайыс).

Роман Хегай (жекелей көпсайыс).

Артём Ковалёв (жекелей көпсайыс).

Владислав Бабушкин (жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар).

Андрей Терман (жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар).

Өмірсерік Досжан (қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс).

Айта кетелік, аталған құрлықтық біріншілік маусым айының 5-8 күндері өтеді.