Есірткі саудасы үшін 20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрамына кірген. Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған.

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 келі героин мен 28 келі опий тәркіленген.

"Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгерген, оған халықаралық іздеу жарияланған. 20 жыл бойы іздеуде жүрген ол былтыр желтоқсанда Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", — деп жазылған хабарламада.

Ол тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!