Ақтөбеде қоқыстан нәресте салынған пакет табылды. Жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді. Тергеу басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда Ақтөбеде қоқыстан тірі нәресте табылды, ол пакетке салынған.

Полиция қызметкерлері нәрестені дереу медициналық мекемеге жеткізді.

"Қазіргі уақытта нәресте медициналық мекемеде жатыр. Полиция баланың анасын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізуде", — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз