Алматы қаласы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының 2026 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің жылу энергиясын жеткізу, тарату және жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтеріне өзгерістер енгізілді.
2026 жылғы 1 мамырдан бастап тұтынушылар санатына байланысты жылу энергиясын жеткізу қызметі бойынша сараланған тарифтер көтерілді. Бұл өзгеріс жылу есептегіш құралдарының бар-жоғына қарай анықталады.
Халық үшін тарифтер:
- 1 Гкал үшін тариф 7503,35 теңгеден 7878,51 теңгеге (ҚҚС-сыз) өсті;
- жалпыүйлік есептегіші жоқ тұтынушылар үшін – 9004,01 теңгеден 9454,21 теңгеге (ҚҚС-сыз) көтерілді;
- жалпыүйлік есептегіші бар тұтынушылар үшін тариф 7364,88 теңгеден 7733,12 теңгеге өзгерді.
Сонымен қатар ыстық сумен жабдықтау тарифтері де қайта қаралды.
Ыстық су және жылу төлемдері:
- есептегіш жоқ көпқабатты үйлерде (75 м дейін), орталықтандырылған жылу және ыстық су жүйесі бар үйлер үшін – бір адамға 2031,47 теңге (ҚҚС-сыз);
- жеке есептегіш орнатылған жағдайда ыстық су тарифі – 1 м³ үшін 588,81 теңге.
Сондай-ақ тозығы жеткен, апатты жағдайдағы немесе барак типтес үйлерде тұратын, есептегіш орнату мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін арнайы тарифтер бекітілді.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.