Негізгі кіреберіс аумағын жаңғыртуға байланысты Майлин көшесі жағынан әуежай аймағына кіру уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Енді әуежай аумағына кіру Ахметова көшесі бойымен, Ақсұңқар қонақ үйінің алдындағы 3 кіреберіс арқылы жүзеге асырылады.

Ал әуежай аумағынан шығу бұрынғыдай Майлина көшесі арқылы орындалады. Әуежайға келер кезде уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, себебі қарбалас уақытта кептеліс туындауы мүмкін.

"Егер әуежай қонақтарының әуежайға кіру кезінде қосымша сұрақтары немесе мәселелері туындаған жағдайда , + 7 777 009 90 68 байланыс нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ әуежай аумағында жүрген арнайы форма киген қызметкерлерден көмек сұрай алады", — делінген хабарламада.