Шекара маңында екі күн қатарынан әуеде белгісіз ұшу аппараттары байқалған.
Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарадағы Сырым бекеті маңында екі күн қатарынан әуеде белгісіз дрондар байқалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті басылымның мәліметінше, куәгерлер екінші түні шекара маңында он шақты дрон көргенін, олардың Ресейдің Самара облысы жағынан ұшып келгенін айтқан.
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бұзу фактісі тіркелмегенін мәлімдеп, жағдай бақылауда екенін және тұрғындарды сабыр сақтауға шақырған.
Айта кетейік, соңғы жылдары БҚО аумағында әскери дрондарға ұқсас ұшу аппараттарының қалдықтары бірнеше рет табылғаны хабарланған.