Америкада оқу әр жастың арманы еді.
Енді заманауи тілмен айтқанда әлем студенттері үшін бұл ел “қызыл жалауға” айналды. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың наурызына дейін АҚШ-тағы халықаралық студенттер саны 11.3%-ға азайды. Бұл шамамен 130,000 студент. Былтыр 401 мың студентке виза берілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға аз. Ал биыл визаға тапсырғандардың 41%-ның өтініші қабылданған жоқ. Сөйтіп, ел экономикасына 4 миллиард доллар шығын келген. Әсіресе STEM, яғни тек білім беру жүйесіне ғана емес, ғылым, технология, инженерия және медицина салаларына да тікелей әсер етеді. Өйткені бірқатар зерттеу жобаларында шетелдік студенттер маңызды рөл атқаратындықтан, кадр тапшылығы мен академиялық бәсеңдеу байқалады.
ЦИТАТА:
2023–2024 жылдары ақылы оқитын шетелдік студенттер АҚШ экономикасына 43,8 миллиард доллар кіріс әкеліп, 378 000-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Алайда шетелдік студенттердің 42%-ы қазір елдегі тұрақсыз жүйеге байланысты, оқуын жалғастырмауы мүмкін. Бұл жағдай жоғары оқу орындарының табысын едәуір қысқартады.
Крис Гласс, жоғары білім беру саласы бойынша маман /Бостон колледжі
Бірқатар ел шетелдік студенттерді қолдауға ниетті
Сарапшылар бұл жағдайды жаһандық деңгейдегі «білім беру жарысы» дейді. Әр ел өзіне талантты жастарды тарту арқылы болашақтағы инновациялық күшін қалыптастырмақ. Қазір Америкадағы жағдайды ұтымды пайдалануға көшкен еллдер де бар. Мәселен, Жапония, халықаралық студенттер санын алдағы 10 жыл ішінде 400 мыңға көбейтуге ниетті. Қазір білім алып жатқан шетелдіктердің саны 337 мың. Жапониядағы жетекші оқу орындарының бірі Осака университеті, америкалық оқу орындарынан ауысқысы келетін студенттер мен зерттеушілерге оқу ақысынан босату, ғылыми гранттар және жол жүру шығындарын көтеруді ұсынбақ. Киото мен Токио университеттері де осындай бағдарламаларды қарастырып жатыр.
ЦИТАТА:
АҚШ-қа баруға сенімсіздік танытқан студенттерді өзіне тарту үшін өзге жетекші университеттер белсенді әрекет етуге көшті. Қазірде Германия, Франция және Ирландия Еуропадағы ең тартымды балама бағыттар болып отыр. Ал АзияТынық мұхиты аймағында Жаңа Зеландия, Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр.
Джессика Тернер, әлемдік ЖОО баға беретін Quacquarelli Symonds сараптамалық фирмасының бас директоры:
Бірқатар ел шетелдік студенттерді қолдауға ниетті
Ал Қытайдағы Сиань Цзяотун университеті Трамптың қысымына ұшыраған Гарвард студенттеріне арнайы үндеу жасап, оларды жылы қарсы алуға барынша қолдау көрсететінін хабарлады. Өйткені Трамп әкімшілігі қытайлық студенттердің виза алуын қиындатып әрі элиталық мектептерге салықты көтеруді жоспарлап отыр.
Білім саласындағы бәсеке
Әлем білім үшін бәсекелесіп жатқанда, жас буын қай елге үміт артады? Бұл қазір халықаралық білім нарығындағы ең маңызды сұрақтардың бірі. Сарапшылардың айтуы бойынша енді тек университеттің беделі емес, әр елдің визалық саясаты, саяси тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен әлеуметтік қолдау жүйесі басты роль атқаратын болады.