Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.