Кеңес барысында компаниялардың ағымдағы қызметі және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есептер тыңдалды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен "ҚазМұнайГаз", "QazaqGaz", "Қазақстан темір жолы", "ҚазАвтоЖол" ҰК" басшылығының қатысуымен кеңестер өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қатысушылар мұнай-газ секторын дамыту, газ саласын дамыту, сондай-ақ еліміздің теміржол және автожол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы стратегиялық мәселелерді қарады.
Кеңес қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге, салаға қатысушылар арасында үйлестіруді күшейтуге және мұнай-газ, көлік секторларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.