Бұқаралық ақпарат құралдарында "Sin Yuan Steel" ЖШС-ның Шымкент полициясының заңсыз әрекеттері туралы хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұған қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметінше, инвестордың уәждерін тексеру мақсатында Шымкент қаласының инвестициялық прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.