"Игра престолов" сериалында Джейме Ланнистер рөлін ойнаған танымал дат актёрі Николай Костер-Вальдау Астанада өтетін Comic Con фестивалінен кейін Қазақстанды аралап шығуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Comic Con Astana парақшасында жарияланған бейнежазбада актёр Қазақстанға бұрын-соңды келмегенін, бірақ бұл ел туралы көп естігенін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Comic Con Astana (@comicconastana)

"Мен Астанада боламын. Comic Con-ға қонақ ретінде қатысамын", – деді Николай Костер-Вальдау.

Актёр тек фестивальге қатысып қана қоймай, Қазақстанмен жақынырақ танысқысы келетінін де жеткізді. Оның елде қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз, бірақ сапардан үлкен үміт күтетінін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Comic Con Astana (@comicconastana)

"Мен осы керемет елді аралаймын", – деді ол.

Comic Con Astana — ТМД кеңістігіндегі танымал мәдени фестивальдердің бірі. Өткен 2025 жылы бұл шараның басты қонағы "Властелин колец" фильміндегі актёр Энди Серкис болған еді.

Бұған дейін Қыдырәлі Болманов аяқ-асты ауруханаға түсіп қалғанын жазғанбыз.