18 мамырда WTA Чемпиондық жарысының жаңартылған рейтингі жарияланды. Онда Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы 4318 ұпай жинап, маусымның қорытынды турниріне жолдама үшін күресте айқын басымдыққа ие болып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aryna Sabalenka (@arynasabalenka)

Негізгі қарсыласы – беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Ол 4080 ұпаймен екінші орында тұр. Ал үздік үштікті украиналық Элина Свитолина түйіндейді. Ол сәтті өнер көрсетуінің арқасында 3460 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elena Rybakina