Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн – балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығы мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мерекелердің бірі6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1950 жылдан бастап аталып келе жатқан бұл күн әлемнің көптеген елдерінде балаларды қуантатын түрлі мерекелік іс-шаралармен, мәдени бағдарламалармен ерекшеленеді.
Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1949 жылы Парижде өткен Әйелдердің Халықаралық Демократиялық Федерациясы конгресінде ұсынылған. 1950 жылдан бастап бұл бастама ресми түрде жүзеге асып, балаларды қорғау идеясын жаһандық деңгейде насихаттау мақсаты қойылды. Осылайша 1 маусым бүкіл әлемде балалардың құқықтарын қорғауға арналған күн ретінде қалыптасты.
Қазақстанда айтулы датаға орай барлық өңірде түрлі мерекелік іс-шаралар мен спорттық сайыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазақстан халқының 34,1%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды.