Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.