Германияның автокөлік өндірушісі BMW жуырда жаңа топтық Vision Alpina моделін көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл аты аңызға айналған Alpina тюнинг ательесін BMW өз құрамына қосып алғаннан кейін шығарылған алғашқы модель. Автокөлік бренді сайтының мәліметінше, көлік мынадай сипаттамаларға ие:

  • ұзындығы – 5,2 метр;
  • 600 ат күшіне ие V8 қозғалтқышы;
  • толық әйнек төбе;
  • былғары салон.

BMW жанкүйерлері көліктің дизайнын ерекше атап өтіп, оның "акула тұмсығына ұқсас алдыңғы бөлігі мен жарықтандырылған фирмалық радиатор торына" назар аударды.

Көліктің сериялық нұсқасы 2027 жылы шығарылады деп жоспарланып отыр. Алдын ала болжам бойынша, бағасы 200 мың доллардан басталуы мүмкін.

Бұған дейін Mercedes-Benz компаниясының жаңа C-Class моделі алып экранымен жұртты таңғалдырғанын жазғанбыз.