Ауғанстанда қыз баланың үнсіздігін некеге келісім ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Заңда "жыныстық жетілу жасына жеткен бойжеткен" ашық түрде қарсы болмаса, оның үнсіздігі тұрмысқа шығуға келісім бергені болып есептелетіні айтылған. Firstpost басылымының жазуынша, бұл ретте ер адамның немесе бұрын тұрмыста болған әйелдің үнсіздігі келісім ретінде танылмайды.

Сондай-ақ жаңа заң әкелер мен аталарға кәмелетке толмаған қыздарды тұрмысқа беруге құқық береді.

Ресми түрде қыз бала есейген соң мұндай некені бұзуға әрекет жасай алады. Алайда бұл тек "Талибан" сотының рұқсатымен ғана жүзеге асады.

#WIONFineprint | ‘Virgin girl’s silence is consent’

Taliban’s controversial law legalises child marriage in Afghanistan@MollyGambhir gets you this report pic.twitter.com/9quo7RjMNp

— WION (@WIONews) May 18, 2026

Бұған дейін Иран басшысы АҚШ-пен келіссөздер жайлы мәлімдеме жасаған болатын.