Ақмола облысына Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар қайта оралды. Сирек кездесетін құстар жылы мезгілдегі үйреншікті мекеніне – Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағына ұшып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қанатты тіршілік иелерінің ерекше көрінісін Көкшетау қаласының тұрғыны Серікбай Жаныбеков биіктіктен түсіріп алған.
Ол құстарды дронның көмегімен видеоға түсіріп, Instagram-парақшасында жариялаған.
"Видео түсіру кезінде бірде-бір қоқиқаз зардап шеккен жоқ", – деп жазды ол 2026 жылғы 17 мамырдағы жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от FPV / DJI / Дрон / Drone / Аэросъёмка (@serikbay_janybekov)
Қазақстандықтар экзотикалық құстардың сұлулығына ғана емес, өңірдің жабайы табиғатының әсемдігі мен ауқымын әсерлі жеткізе білген оператордың шеберлігіне де тәнті болды.
- Таңғажайып!
- Сөзсіз ғажап!
- Қандай әсем, құстар да табиғат та үйлесе түскен!
- Керемет, бұрын соңды көрмеппін мұндайды)
Бұған дейін Ақтөбе облысында енді ғана дүниеге келген киік төлдеріне GPS-датчик орнатылған арнайы сырғалар тағылып жатқанын жазғанбыз.