Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Италияның инженерлік , архитектуралық және техникалық-экономикалық консалтингтік ұйымдар қауымдастығы (OICE) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ынтымақтастық аясында болашақта бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылады.

Су ресурстарын цифрлық басқару:

– Спутниктік бақылау (NASA, Copernicus) арқылы жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығын бақылау;

– Гидрологиялық модельдер (SWAT, MODFLOW) арқылы су балансын болжау;

– Су сапасын автоматты бақылау (рН, ластану, ауыр металдар).

Жасанды интеллект және «ақылды» жүйелер:

– ГАЖ технологиясы мен AI арқылы суару жүйелерін оңтайландыру;

– Қашықтан зондтау негізінде шешім қабылдау жүйелері (DSS).

Климаттың өзгеруіне бейімделу:

– Құрғақшылық пен су тасқынына қарсы инженерлік шешімдер;

– Жаңбыр суын жинау, суды қайта пайдалану, тұщыландыру жүйелері;

– Табиғи әдістерге сүйенген су қорғау (батпақты жерлерді қалпына келтіру).

Инфрақұрылымды жаңарту:

– Көпфункционалды су қоймаларын жобалау (суару + энергетика);

– Ескі бөгеттер мен суару желілерін жаңғырту;

– Экологиялық әсерді бағалау және оны азайту бойынша жоспарлар.

Бұл бастамалар – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экологиялық тұрақтылықты нығайтудың маңызды қадамы.