Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Астанада LRT станцияларының бірі жолаушыларды қабылдауға дайын емес болып шықты

Кеше, 16 мамырда Астанада LRT салтанатты түрде іске қосылды. Бүгін 18 станцияның бірі әлі ашылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды CTS-ке сілтеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ.

CTS мәліметі бойынша, іргелес инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты “Жібек жолы” (№117) стансасы пайдалануға берілген жоқ, сондықтан уақытша жолаушыларды қабылдамайды.

Қазіргі уақытта қалалық қызметтер аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуде: асфальт жабынын төсеу, жаяу жүргіншілер және веложолдар салу, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары атқарылуда.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін “Жібек жолы” (№117) стансасы жолаушылар үшін ашылады.

Қалған стансалар жолаушыларды қабылдайды. Жұмыс уақыты сағат 6:00-23:00 аралығында.

Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада LRT-ны ресми түрде іске қосқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз