Ақтауда арнайы жедел-профилактикалық іс-шара аясында заңсыз айналымға шығарылмақ болған қара уылдырық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"14 мамырда Ақтау қаласының 6-шағынауданы аумағында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тексеру барысында 38 жастағы азаматқа жеке тінту жүргізіліп, нәтижесінде жалпы салмағы 2,200 келі болатын қара уылдырық салынған 4 пластик ыдыс табылып, тәркіленді".

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.