Жамақаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Осыған байланысты 16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзірбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады.

"Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 16 мамырдан бастап үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретінін хабарлаған едік.