Алматыда 18 мамырда "Музей түні – 2026" акциясы өтеді. Жыл сайын Халықаралық музей күні қарсаңында өтетін акция аясында тұрғындар музейлерде өтетін тегін іс-шараларға қатысып, сағат кешкі алтыдан түнгі он екіге дейін шаһардың үздік мұражайларын аралай алады. Centralmedia24 басылымы бұл күні қандай іс-шаралар өтетінін назарға ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұражайлар тізімі және шаралар:

Алматы мұражайы (Қабанбай батыр көш., 132):

  • "Қазақ киносының маржаны – Қыз Жібек" көрмесі (актёрлер мен авторлардың жеке заттары).
  • Театландырылған экскурсиялар, "Алматы – махаббатым" спектаклі.
  • Керамика, бейнелеу және зергерлік өнер бойынша шеберлік сағаттары, ЖИ (AI) фотоаймағы.
  • "Алматы кеші" концерті (19:00–23:00) және ашық аспан астындағы кино көрсетілімі (23:15).

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы (Зенков көш., 24а):

  • "Уақыт айнасы: музейге 45 жыл" көрмесі.
  • Тарихи тұлғаларға (Құрманғазы, Қорқыт, Біржан саол) ден қойылатын экскурсиялар, музыкалық аспап жасаудан шеберлік сағаттары.
  • Этно-фольклорлық ұжымдардың концерті (20:00–22:00) және кино көрсетілімі (23:00).

Нұрғиса Тілендіев атындағы мемориалдық мұражай (Қонаев көш., 96):

  • "Отырар сазы" оркестрі мен эстрада жұлдыздарының концерті (18:00–23:00).
  • "Нұрғиса сазы – ұрпаққа аманат" күйшілер байқауы (21:00) және танымдық ойын.

Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ықшамауданы, 5/11):

  • Театландырылған экскурсиялар мен аспап жасау шеберлік сағаттары.
  • Тарихи тұлғалардың ұрпақтары өткізетін "Еш жерде айтылмаған сыр-сұқбат" экскурсиясы.
  • Дәстүрлі музыка орындаушыларының концерті (20:00).

Д. А. Қонаев атындағы мемориалдық мұражай (Төлебаев көш., 117):

  • "Құрметті Дінмұхамед Ахметұлы" хаттар көрмесі, "Ойлан да, тап!" ойыны.
  • "Д. А. Қонаевтың сүйікті әндері" кеші (19:00) және Қонаевтың замандастарымен және туысқандарымен кездесу (21:00).

Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі (Төлебаев көш., 125):

  • Жазушының жеке заттары мен архивтік материалдарын музей қорына тапсыру (18:30).
  • "Абайдың 17 қара сөзі" спектаклі, квест-ойындар, шахматтан блиц-турнир.
  • Жасанды интеллект арқылы жасалған С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің цифрлық бейнелерімен интерактивті кездесу.

Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай үйі (Төлебаев көш., 130):

  • Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың актёрлерімен кездесу (18:30).
  • "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы (19:30) және қазақ киноклассикасының көрсетілімі.

Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйі (Байтұрсынұлы көш., 60):

  • "Алаш арыстары" фотокөрмесі, "Ахметке хат" акциясы, алаштанушы ғалымдармен кездесу.
  • А. Байтұрсынұлы әндері шырқалатын концерт және "Әлихан мен Ахмет аманаты" спектаклі.

Алматы галереясы (Достық даңғылы, 44):

  • Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған "Земля, поклонись человеку" көрмесі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз