Шара 7 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақ елі алаңында басталады.
Іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады.
Плац-концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.