Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көші-қон саласы мен еңбек нарығындағы бірқатар мәселені көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанның еңбек нарығында 2030 жылы еңбек ресурстарының жетіспеушілігі 1,8 миллионға адамға жетуі ықтимал.
"Қазірдің өзінде еліміздің еңбек нарығында, әсіресе, ауылдық жерлерде 900 мың маман жетіспейді. Қазақстанда халық саны өскенімен, кейбір аймақтарында депопуляция сезіліп отыр. 2023 жылы елімізде 6286 ауылдық мекен болса, 2025 жылы 6 179 ауылдық мекен қалған. Екі жыл ішінде 80 ауыл жабылған", — деді ол.
Осы орайда депутат бірқатар ұсыныс жасады:
- Солтүстік, шығысқа көшіп келгеннен кейін азамат үй сатып алуға мемлекеттен алатын көмек мерзімі екі жылға созылып, көшіп кету мерзімі көмек алған соң бес жылға созылуы керек.
- Мемлекеттік қаражат есебінен салынған тұрғын үйді жекешелендіру тәртібін қайта қарастыру.
- Көшіп келген қандастар мен көшіп келушілер үшін грант беру мерзімін кемінде 5 жыл тұру шартымен 5 жылға созу;
- Шет елде тұратын қандастарды солтүстік, шығыс өңірлерге еңбек күші ретінде тартудың жаңа тетіктерін жасау.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!