Президент Тоқаевтің бүгінгі Түрікменстанға сапары жай ғана кезекті ресми іссапар емес. Ол теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттерге арналған конференцияға қатысты. Бұл кездесу – әлемдік деңгейдегі диалог алаңы. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш те арнайы келді.

Мұндай форумда Қазақстанның белсенділік танытуы – заңды құбылыс. Себебі біз – теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекетпіз. Яғни, транспорт саласында шектеу бар. Бір апта бұрын дәл осы Гутерриш мырза Алматыға арнайы келіп, Президентпен кездесті. Екеуі өңірлік маңызды бар мәселелерді қозғады: Ауғанстан, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары және ең бастысы – Алматыда БҰҰ кеңсесін ашу.

Бұл кездесудің шешімі емес. Бұл – Қазақстанның аймақтық қана емес, жаһандық процестерге белсенді қатысып отырғанының дәлелі. Бас хатшы Гутерриш Қазақстанды енді теңізге шыға алмайтын ел ретінде емес, транзитті ел ретінде қарастыруды атап өтті. Неге? Жауап бар: себебі ел инфрақұрылым арқылы бұл кемшілікті жойып келеді.

Иә, теңізге шыға алмай тауар тасу – ауыр жұмыс қой, сол үшін су жолы маңызды. Ал бұл проблеманы еліміз қалай шешпек? Соңғы жылдары Қазақстанның транзиттік әлеуеті қарқынды дамып келеді. «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бойынша Қытайдан Еуропаға дейінгі бағыттың басты күре тамыры – Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қорғас – Ақтау темір жолы, Құрық пен Ақтау порттарының кеңеюі – мұның бәрі құрлықтағы “жаңа теңіз жолдарын” жасады.

Қазақстан мәнінде Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпір болып отыр. Мұны жай сарапшылар емес, БҰҰ Бас хатшысы да ашық айтып отыр. Бұл – жай мақтау сөз емес, жаһандық деңгейдегі мойындау.

Теңізге шығатын жолы болмаса да, Қазақстан өзін әлемдік тасымалдаудың маңызды ойыншысына айналдыра білді. Мұның артында нақты саясат, көрегендік, инфрақұрылым мен қажырлы еңбек жатыр.

Айдос Жұқанұлы