Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — деп жазылған хабарламада.

Роман Скляр туралы не белгілі?

Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын экономист мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь қызметінен бастаған.
  • 1989-1990 жылдары "Қазпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы, 1990 жылдан бастап "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері болды.
  • 1990-1999 жылдары "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметін атқарды.
  • 1999-2002 жылдары "Тыныс" ЖШС директоры, 2002-2003 жылдары Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы болды.
  • 2003-2005 жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, 2005 жылғы қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы, 2005 жылғы сәуірден бастап Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы, 2006 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.
  • 2006-2007 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2011-2013 жылдары көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жылдары "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті қызметін атқарған.
  • 2016 жылдан бастап Мәжіліс депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.
  • 2016 жылғы мамырдан бастап ұлттық экономика вице-министрі, 2016-2019 жылдары инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды.
  • 2019 жылғы ақпаннан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2021 жылы 18 қаңтарда Президент жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget