Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40-тан аса тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға түнгі уақытта Петропавл қаласындағы К. Сүтішев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде болған.
Хабарлама түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар дереу эвакуация жұмыстарын жүргізіп, ғимараттан 42 тұрғынды, оның ішінде 10 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.