Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Актуалды

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қаққан кішкентай бала қаза тапты

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қаққан кішкентай бала қаза тапты

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қаққан кішкентай бала қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бала 1 жас 8 айлық болған.

“Kia Seltos маркалы көлік жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды”, — деді Астана ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget