Жаңа жылдық мереке күндері елдегі барлық теміржол вокзалы мен әуежайларда жолаушылар ағыны екі есе артады. Осыған байланысты көлік полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері «Нұрлы жол» вокзал кешенінде, сондай-ақ «Нұрлы жол-Алматы» және «Жезқазған-Астана» бағытындағы жолаушылар пойыздарында жедел-алдын алу шарасын өткізді. Полиция мұндай нысандарға суық қару, пиротехникалық заттар және өзге де қауіпті заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.