Алматыда бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24KZ. Біріншілік алты күнге созылып, 14 салмақ бойынша ел мықтылары анықталады. Қатысушылар сапында Азия мен әлем біріншіліктерінде топ жарғандары да бар.

Алғашқы жарыс күні 44 келі салмақтағы Әділет Салауат Түркістан облысынан келген Әли Әбдікамалды айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ шымкенттік Айдын Мұқтар, түркістандық Аян Жандосұлы, қызылордалық Мағжан Бекзат, жетісулық Саян Тоқтарбеков және қарағандылық Ерасыл Айтқожаев сынды боксшылар да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, жүлдеден үмітті екендіктерін аңғартты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 9 желтоқсан күні финалдық жекпе-жектерден кейін анықталады.

Қайрат Дүйсенов, Алматы қаласы бокс федерациясының құрметті президенті:

- Алматыда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Алматы спортшылары алдыңғы қатарда жүріп жатыр. Жасөспірімдер жарысынан іріктеу жасап, додаға түскендер келешекте Азия чемпионы, әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болады деп сенемін.