Алматы облысында болған оқушы өліміне қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пікір білдірді. Әділовтің сөзінше, кәмелетке толмаған күдікті екі айға қамауға алынған. Қазір қасақана адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ал мектеп директоры қызметінен босатылып, оқу ісі жөніндегі меңгеруші мен екі сынып жетекшісіне қатаң тәртіптік жаза қолданылған. Айта кетсек, 23 мамыр күні Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының мектеп бітіруші түлектері үй жалдап, мектеп бітіру кешін атап өткен. Отырыс кезінде бір оқушы сыныптасының сол жақ тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Марқұм сол жерде тіл тартпай кеткен еді.

Айдана Қуантхан