Қазақстандықтардың көбі жазғы демалысын қалай өткізетінін жоспарламайды . «HeadHunter» мамандары жүргізген арнайы сауалнамаға 400-ге тарта адам қатысты.
Олардың дені демалысын жағдайға қарай өткізетінін жеткізген. Ал зерттеуге қатысушылардың 24%-і демалуды мүлдем жоспарламайды. Енді бірі жазды демалыс уақыты емес, ойлану, жаңа өмірге қадам жасайтын кезеңге балайды екен. Сұралғандардың 14%-і қысқа мерзімді үзілістерді қалайтынын, бұл уақытта ел ішін аралауды жөн көретінін айтты. Яғни демалыс енді жаздың міндетті бөлігі ретінде қаралмайды.